27 Желтоқсан 2023


АМАNZNОLОV UNIVERSITY КОНЦЕРТМЕЙСТЕРІ «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР-2023» АТАНДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Мәдениет, спорт және АӘД кафедрасының концертмейстері Уатқан Жүнісов «Бөбек – жалпы ұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысандағы бірлестігінің ұйымдастыруымен ТМД елдері арасында өткен байқауда бірінші дәрежелі дипломмен және «Үздік ғылыми қызметкер-2023» төсбелгісімен марапатталды.


Сондай-ақ концертмейстер «Bilim-órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Жаңа Қазақстанның жыл адамы» атты байқауда бірінші дәрежелі дипломмен және төсбелгімен марапатталды.


Айта кету керек, Уатқан Жүнісов Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры, Халық әртісі Қарабалина Бақыт Тоқсанбайқызының шәкірті. Өскемен қаласының музыкалық училищесінде домбыра-тенор, қобыз прима, қыл қобыз, бас қобыз, шертер аспаптары бойынша қазақ халық аспаптары бөлімінің негізін қалаушы.