3 Қаңтар 2024


ШҚУ-ДА ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫҚ АНЫҚТАМАЛЫҚ ӘЗІРЛЕНДІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде жұмыс берушілерге арналған жыл сайынғы «Түлек 2024» атты анықтамалық әзірленді. Оның негізгі мақсаты – университеттің түлектерін жұмысқа орналастыруға көмектесу және жұмыс берушілерге білікті мамандарды іздеуге көмектесу.

Анықтамалықта білімімен, ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметімен, университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысуымен ерекшеленген түлектердің түйіндемелері берілген.

Электрондық анықтамалықпен университет ресми сайтында «Мансап және жұмысқа орналастыру» бөлімінде танысуға болады.