4 Қаңтар 2024


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ СПАРТАКИАДА-2024 ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ ұжымы арасында дәстүрлі спартакиада ойынының ашылу салтанаты өтті.
Аталған шара басқарма төрағасы-ректор Мұхтар Төлегеннің құттықтауынан басталды.


-Бүгінгі таңда университетте салауатты өмір салтын ұстану үшін ең жақсы жағдайлар жасалуда: спорт залдары, ашық спорт алаңдары, жүзу бассейні, спорт секциялары, мұның бәрі жастарымыз бен профессорлық-оқытушылық құрамның денсаулығын нығайтуға көмектеседі. Спартакиада қатысушыларына сәттілік тілеймін,-деді басқарма-төреғасы-ректор Мұхтар Төлеген.


Шараға арнайы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Серік Құсымбаев қатысып, университетте дәстүрлі өткізіліп келе жатқан спартакиаданың маңыздылығын айта өтті.


Сондай-ақ ашылу салтанатына гір көтеруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР бірнеше дүркін чемпионы, 2013 жылғы әлем чемпионатының жүлдегері Жадыра Қанапиянова қатысты.
Ол өз сөзінде университет түлегі ретінде өткізіліп жатқан шараға ерекше ризашылық білдіріп, спорт дамуында университетте өткізілген шаралардың үлесінің зор екендігінде атап өтті.


Айта кету керек, биыл спартакиадаға жеті команда қатыспақ. Олар жеті күн бойы үстел теннисі, волейбол, жүзу, футзал, тоғызқұмалақ, шахмат, арқан тартыс ойындарында бақ сынамақ.