9 января 2024


МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ЖОО-ҒА БАРДЫ

Шет тілдері және аударма ісі кафедрасында қала мектептерінің түлектеріне арналған экскурсия және кәсіптік бағдар беру викторинасы өтті. «Тілдер әлемі» іс-шарасы оқушыларды кәсіби өзін-өзі анықтауын қолдау мақсатында ұйымдастырылды.
Бұл викторинада елтану бағыты бойынша сұрақтар қойылды.Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар география мен шет тілін жоғары білуімен ерекшеленген.
№9 оқу-ғимаратында өткен экскурсия барысында жас қонақтарға университеттің материалдық-техникалық жабдықталуы көрсетілді. Әсіресе оқушыларды заманауи технологиялармен жабдықталған жаңадан ашылған Түрік тілі кабинеті ерекше әсер қалдырды.