11 Қаңтар 2024


Польшаның Люблин қаласындағы Әлеуметтік ғылымдар университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Құрметті оқытушылар!
Польшаның Люблин қаласындағы Әлеуметтік ғылымдар университетінде
академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысудың бірегей мүмкіндігі
ашылмақ. Барлық қызығушыдық танытқан оқытушыларды келесі салалар
бойынша конкурсқа қатысуға шақырамыз:
– Менеджмент
– Психология
– Әлеуметтану
– Әлеуметтік жұмыс
– Физиотерапия
Бағдарламаға қатысу үшін оқытушы түйіндеме мен дәріс жоспарын 2024
жылдың 30 қаңтарына дейін мына электронды мекенжайға жіберуі керек:
mezhdunar_otdel@vku.edu.kz
Міндетті түрде ағылшын тілін білу деңгейіңізді көрсетіңіз.
Халықаралық білім беру ортасына қосылу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!