15 Қаңтар 2024


СПАРТАКИАДА-2024: ФУТБОЛ

Футбол – спорттың командалық ойын түрі. Әлемге аса танымал ойындардың бірінің тарихы XII ғасырда Англиядан бастау алады. Аталған ойын университет қабырғасында да жылда дәстүрлі спартакиада ойындары кезінде өткізіліп тұрады. Бұл жолы да университет ұжымы футболдан ерекше ойын өрнегін көрсетті.
Ойынға 10-нан астам команда қатысты. Нәтижеге тоқталсақ, бас жүлдені ректорат, ал екінші орын жоғары колледж бен үшінші орынды ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінен құралған команда иеленді. Сондай-ақ, IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі мен ақпараттық технологиялар орталығынан құралған командалар да ерекше басымдық көрсетті.
Шапшаңдықпен алғырлықты талап ететін футбол ойыны университет ұжымына ерекше серпіліс сыйлады. Ал, спартакиаданың келесі күні тоғызқұмалақ ойынымен жалғаспақ.