16 Қаңтар 2024


ЖАС ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

Кәсіби даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығы «Педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту» семинар-тренингін ұйымдастырды. Мақсаты-жас оқытушылардың сапалы педагогикалық қызмет үшін құзыреттілігін арттыру.

Оқыту барысында шет тілдері және аударма ісі кафедрасының профессоры Толқын Әбдірахманова тыңдаушыларға педагогикалық дағдыларды дамыту, кәсіптік оқыту, әріптестерімен халықаралық тәжірибе алмасу, инновацияларды пайдалану тақырыптарын түсіндіріп, сондай-ақ оқыту әдістемесі саласындағы қосымша курстарға қатысу қажеттілігін алдыға салды.

Спикер студенттермен қарым-қатынаста төрт маңызды тармақты атап өтті. Олардың ішінде тұрақты кері байланыс, оқыту әдістерімен тәжірибе жасау, соның ішінде геймификация және жобалар арқылы оқыту, менторлық және өзін-өзі дамыту.

Университеттің жас оқытушыларының айтуынша, семинар барысында олар қызықты және пайдалы ақпаратты білді.