24 Қаңтар 2024


AMANZHOLOV UNIVERSITY ҰЛЫБРИТАНИЯ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТТЫ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ әлемге әйгілі Вестминстер университетімен келісімге қол қойды. Ең көне оқу орнымен жаңа әріптестік бірінші кезекте отандық ғылымды дамытуды көздейді. Атап айтқанда, биомедицинаға, қолданбалы биотехнологияға, медицинадағы жасанды интеллектке, гендік инженерияға бағытталған ғылыми-зерттеу жобаларын қаржыландыру.

Сонымен қатар, құжат магистранттарға қосымша аккредиттеусіз қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды қамтамасыз етеді. Жастар ШҚО-да бір академиялық жылы С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да оқиды, ал екіншісі-Westminster University –де оқиды. Оқытушылар мен магистранттар ғылыми-практикалық семинарларға, дәріс курстарына, шеберлік сыныптарына, жеке практикаларға, зертханалық зерттеулер мен бірлескен ғылыми жобаларға қатыса алады. С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлегеннің айтуынша, мұндай белсенді өзара іс-қимыл екі тарап үшін инновациялық серпіліс болмақ.