Amanzholov University-де Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ректорының кубогі сарапқа салынған облыстың орта мектеп мұғалімдері арасында ұйымдастырылған волейбол турнирі аяқталды.
Барлық кездесулер қызыққа, тартысқа толы өтті. Командалар жарысқа жүйелі, жоғары дайындықпен келген. Жеңіске деген ұмтылыстары зор. Дегенмен, ең мықты жеңеді.
Жүлделі орындардың барлығына облыс орталығы мектептерінің ұжымдары ие болды. Бірінші орын иеленген №48 мектеп ойыншылары болды. Екінші орынды Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №1 мектеп қанжығалады. Үшінші жүлделі орын №46 мектептің ұстаздарына бұйырды.
— Мұндай жарыстар біз үшін жақсы дәстүрге айналды. Оқу орынымыздың қабырғасында әлі де спорттық шаралардың санын арттыратын боламыз, — деді ректор Мұхтар Төлеген.
Турнирдің үздік ойыншылары атанған Азовое мектебінің мүшесі Кәрім Ислам мен №7 мектептің ойыншысы Ерлан Кимадиев. Сондай-ақ, бұл қатарда келесі ойыншылар бар: Уколов Сержан — №45 мектеп, Нуркешов Шынболат — № 26 мектеп, Болат Аманжол — Білім Инновация лицейі, Алғабекұлы Мирас — Р.Мәрсеков атындағы мектеп, Оралбеков Дидар — № 49 мектеп, Айбеков Мерей — №1 мектеп, Манат Біржан — №1 мектеп, Қалымов Шалқар — №48 мектеп, Әмірбеков Жанмырза — №19 мектеп, Радионова Карина — №42 мектеп.
Бірінші орын үшін жүлде сомасы 200 мың теңгені, екінші орын үшін 150 мың теңге және үшінші орын үшін 100 мың теңгені құрады.
Жарысқа қала мен аудандардың 28 мектебінің ойыншылары қатысқанын еске саламыз. Атап айтқанда Глубокое, Катонқарағай және Ұлан аудандары командалары, сондай-ақ химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің, дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің және басқа да мектептердің командалары бар.