12 февраля 2024


ӨНДІРІСТІК ІС-ТӘЖІРИБЕ: ЭКОБИОРТАЛЫҚ

Екінші семестр басталуымен ШҚУ-дың төртінші курс студенттері тиісті білім беру бағдарламалары базаларында өндірістік іс-тәжірибеден өтуде.


Мәселен, «Экология» ББ-ның студенттері Өскемен қаласы әкімдігінің Оқу-зерттеу экобиорталығында өндірістік іс-тәжірибеден өтуде. Орталықта фауна, флора, жобалау зертханаларымен қатар онға жуық үйірме бар.
Экобиорталықтың басты мақсаты — үздіксіз экологиялық білім беру жүйесінде оқу-тәрбие және жобалау-зерттеу жұмысының әдістемесін жетілдіру. Экобиорталық оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу, әдістемелік, ұйымдастырушылық-бұқаралық жұмыстармен айналысады.


— Орталықтың тарихы 30 жылдан асады. Студенттердің іс-тәжірибеден өтуіне барлық жағдай жасалған. Студенттердің ізденісі мен талабы зор, — дейді. Өскемен қаласы әкімдігінің «Оқу-зерттеу экобиорталығы» директоры Анатолий Цыганов.


Студенттер іс-тәжірибеден өту арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де айналыса алады.

— Іс-тәжірибенің алғашқы аптасында мекемеге келіп, мақсат-міндеттерімен таныстық. Қазір ғылыми зерттеу жұмысына кірістік, — дейді «Экология» ББ 4-курс студенті Саяжан Саяхатова.


Ғылыми зерттеу жұмысына кіріскен студенттер іс-тәжірибеден өтудің маңыздылығын атап өтті.


— Әдістемелік нұсқаулықты алып,ғылыми ізденіс үстіндемін. Менің алған тақырыбым — Өскемендегі қатты қалдықтар проблемасы. Экобиорталықта іс-тәжірибеден өтудің біз үшін маңызы зор. Іс-тәжірибе мүмкіндікке толы, қызық өтіп жатыр, — дейді «Экология» ББ 4-курс студенті Иманғали Сұлтанбеков.


Айта кету керек, экобиорталықта С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері 2006 жылдан бері іс-тәжірибеден өтіп келеді.