14 февраля 2024
ШҚУ-ДЫҢ КІТАПХАНА ҚОРЫНДА БІР МИЛЛИОННАН АСА КІТАП БАР
Университет кітапханасының тарихы 1952 жылдан басталады. Бүгінде бұл қор 1 млн. данадан асатын шығысқазақстандық ЖОО-дарының ең үлкен кітапханасы. Мұнда қазақ, орыс және шет тілдеріндегі ғылыми, көркем әдебиет басылымдары, кітап және электрондық жинақтар, XVIII – XIX ғасырлардағы бірегей сирек кітаптар сақталған.
Кітапхана директорының м.а. Гүлназ Шайкен атап өткендей, кітапхана қоры оқу, ғылыми, көркем, анықтамалық әдебиеттердің көптеген басылымдарын біріктіреді. Мерзімді, электрондық басылымдарды, шет тілдеріндегі кітаптарды да қамтиды. Коллекцияда XVIII-XX ғасырдың басындағы 13 мыңға жуық сирек кездесетін отандық және шетелдік кітаптар бар.
– Кітапхананың сирек кездесетін кітаптары ішінде Иш-Мухаммед Букиннің «Орыс-қырғыз және қырғыз-орыс сөздігі» және Семен Ремезовтың «Әлем жады» деректі мұрасының Ұлттық тізіміне енгізілген «Сібірдің сызба кітабы» еңбегі бар, – деді Гүлназ Шайкен.
Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, пайдаланушыларға баспа және электронды түрдегі ғылыми журналдар, электронды оқулықтар, монографиялар, виртуалды оқу залы, нормативтік құжаттаманың электронды нұсқалары және басқа да көптеген ресурстар қолжетімді.
Кітапхана құжаттарын өңдеу мен іздеудің барлық процесі автоматтандырылған. Университеттің электрондық оқыту құралдарының ақпараттық банкін, оның ішінде оқу, оқу-әдістемелік құралдардың, дәрістердің электрондық нұсқаларын пайдалану мүмкіндігі бар. Халықаралық және республикалық ресурстарға қолжетімділік қамтамасыз етілген.
Кітапхана-библиографиялық процестерді автоматтандыру деңгейі бойынша Университет кітапханасы Шығыс Қазақстанда жетекші орын алады. Ғылыми кітапхана өзінің электрондық каталогын интернет желісіне алғашқылардың бірі болып орналастырған қазақстандық веб-сайттардың тарихына енді.
– Университет өміріндегі кітапхананың орны бөлек. Бірде-бір шара кітапхана қызметкерлері мен оның кітаптарынсыз өтпейді, — деп атап өтті кітапханашылар.
Кітапхананың жоғары деңгейі халықаралық IFLA сертификатын ие болуымен дәлел. Мұндағы оқырмандарға қызмет көрсету сапасы, еңбекті ұйымдастыру және жаңа технологияларды енгізуге бағытталған жұмыс жоғары бағаланған.