14 Ақпан 2024


ШҚУ ОҚЫТУШЫЛАРЫ АРНАЙЫ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНДА

Арнайы және инклюзивті білім беру педагогтарының облыстық қауымдастығының құрамына Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің өкілдері кірді. Атап айтқанда, «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының басшысы Әлима Әліпова, қауымдастырылған профессорлар Юлия Кукина және Елена Северинова, сондай-ақ логопед-дефектолог Рауан Байчинов.

Қауымдастық мүшелерінің кезекті жиналысында өңір мектептерінің педагогтары олардың қызметімен танысты. Сондай-ақ, Әлима Әліпова инклюзивті қоғамға байланысты әзірлемелерді таныстырды. Әсіресе.тыңдаушыларды авторлығы жоғары оқу орнының қызметкерлері мен студенттеріне тиесілі вертикализатор қызықтырды.

Айта кету керек, арнайы және инклюзивті білім беру педагогтері Қауымдастығының негізгі міндеті — ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың білім алу сапасы мен қолжетімділік деңгейін арттыру.