16 Ақпан 2024


АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ШҚУ-да  Академиялық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысында жеті сұрақ талқыланды. Соның ішінде ЖЖОКБҰ білім беру қызметіне қойылатын жаңа біліктілік талаптарының негізгі ерекшеліктері мен жаңалықтары, отандық және шетел университеттерімен  қос дипломды және бірлескен  білім беру бағдарламалары ашу бойынша жоспар, 2024-2025 оқу жылына арналған  білім беру бағдарламалары мен «Minor» қосымша білім беру бағдарламалар каталогын келісу сияқты ауқымды сұрақтар  талқыланды.