16 февраля 2024


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АҒАРТУ ІСІ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ЖОО-ның комплаенс-офицері Қайнар Жексембаев Жоғары колледж қызметкерлерімен түсіндіру сұхбатын өткізді. Спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен корпоративтік этика нормалары туралы хабардар етті. Сонымен қатар, Қайнар Жексембаев тыңдаушыларға ішкі нормативтік құжаттар: академиялық адалдық ережелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықтар, мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу жөніндегі саясат туралы ереже туралы айтты.