19 Ақпан 2024


14 СТУДЕНТ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚУЫН АЯҚТАДЫ

C.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 14 студенті Түркия, Әзірбайжан және Польшада академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша жарты жылдық оқуын сәтті аяқтады.


Айта өту керек, бұған дейін ORHUN бағдарламасы бойынша бауырлас елдер – Түркия мен Әзірбайжанға алты студент барған еді. Атап айтсақ,Alanya alaaddin keykubat University, Bahçeşehir University, Kapadokya University, Bursa Uludağ University, Ege University және Baku State University серіктес жоғары оқу орындарында университет студенттері бір семестр бойы математика, туризм, менеджмент және химия салаларында зерттеу жұмыстарымен айналысты.


ORHUN-түркі университеттері қауымдастығының мүшелері арасындағы халықаралық алмасу бағдарламасы. Оның негізгі міндеттері-университеттер арасындағы дипломдардың баламалылығын тану, ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыру және түркі әлемін зерттеумен айналысатын жастарға арнайы шәкіртақы тағайындау.


Қалған сегіз студент болса шетелде оқу үшін Польшадағы Адам Мицкевич университетін таңдады. Бұл көптеген жылдар бойы ең үздік поляк оқу орындарының қатарындағы мемлекеттік университет. Оның негізгі бағыттарына гуманитарлық,әлеуметтік, жаратылыстану ғылымдар, сондай-ақ өнерге қатысты ғылымдар жатады.


– Біз әлемнің түкпір-түкпірінен алған пайдалы білімдермен және үлкен тәжірибемен оралдық. Бұл басқа мәдениеттерге енудегі ерекше кезең болды, – дейді студент Жанерке Махмұтова.