21 февраля 2024


ШҚУ-ДАҒЫ ҚЫЗЫЛШАНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да қызылшаның алдын алу мақсатында белсенді жұмыс жүргізілуде. Мәселен, Студенттер үйлерінде және оқу ғимараттарында аурудың белгілері, алдын-алу және емдеу туралы көрнекі ақпараттар бар брошюралар таратылып, орналастырылған. Университеттің медициналық қызметкері Светлана Мальцева студенттермен және профессор оқытушылар құрамымен үнемі ақпараттық кездесулер ұйымдастырады. Сонымен қатар, №1 оқу ғимаратында толық дезинфекциялық тазалау жұмысы жүргізілді.
Светлана Васильевнаның айтуынша, бүгінгі таңда жатақханаларда тұратын 484 жас қызылшаға қарсы екпе алған.
Айта кетейік, қызылша ауруының таралуының ең жоғары деңгейі Қазақстанда тіркелген. 2023 жылы 13 677 жағдай тіркелді, оның 11 300-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында. Олардың 70 пайызы қызылшаға қарсы екпе алмаған.