21 февраля 2024


ШҚУ РЕКТОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТ СӨЗІН ҚОЛДАУЫ

 

   ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік Жастар кадрлық резерві форумында сөйлеген сөзінде жастар саясатына және жалпы жастарға ерекше көңіл бөлетінін тағы бір растады. Біз Мемлекет басшысы айтқанды толық қолдаймыз.

   Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жастар еліміздегі барлық өзгерістердің қозғаушы күші және сенімді тірегі болуға тиіс екенін жақсы атап өтті. Ол жастардың инновациялық идеяларына жоғары баға беріп, мұндай бастамалардың әрқашан мемлекеттік органдардың қолдауына ие болуын қамтамасыз ететінін сөз етті.

   Президент сыни ойлауға қабілетті, білімді және патриоттық көзқарастағы жастар мемлекетті басқаруға белсенді қатысуы керек деген сенім білдірді. Мұны президенттік Жастар кадрлық резерві қамтамасыз ететінін атап өтті.

   Президент мемлекеттік қызмет жүйесіндегі барлық процестер ашық болуы керек екенін тілге тиек етіп, көп жылдар бойғы қағазбастылықтан арылуға, бюрократияны түбегейлі жоюға шақырды.

   Біз мемлекеттік басқаруды реформалау бөлігінде айтылған барлық ұсынымдар, тілектер мен сындар тиянақты, өзекті және терең мағынаға ие деп санаймыз.

   Мемлекет басшысының президенттік Жастар кадрлық резерві форумында сөйлеген сөзі жастарымызға ертеңгі күнге сенімділік сыйлайды. Оларды білімді болуға, әрқашан алға ұмтылуға және жетістіктерге жетуге ынталандырады.