22 Ақпан 2024


РЕСЕЙ ПРОФЕССОРЫНЫҢ ДӘРІС КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

ЖОО-да IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің физика және технологиялар кафедрасы ұйымдастыруымен өткен «Наножүйелер физикасы» пәні бойынша дәрістердің авторлық курсын оқу аяқталды. Магистранттар мен докторанттарға арналған дәрістерді физика-математика ғылымдарының докторы, Алтай мемлекеттік университетінің профессоры Владимир Плотников онлайн форматта оқыды.
Оның сабақтары төмен өлшемді жүйелердің электронды ішкі жүйесін талдауды және 3D-электронды, 2D-электронды, 1D-электронды газдарды зерттеуді қамтыды. Айта кету керек, ресейлік профессордың дәрістері 22 қаңтар мен 22 ақпан аралығында өтті.