23 февраля 2024


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Химия кафедрасының студенті Дильназ Қайырбек ТМД ғылыми-білім беру мекемелері арасында жүзеге асырылып жатқан «VIII Халықаралық кітап басылымы», «Үздік жас ғалымдар-2023» жобаларының жүлдегері атанды. «Химия» мамандығында оқитын студент үздік нәтиже көрсетті.


Байқау комиссияның қорытындысы бойынша бойжеткен білім, ғылым, спорт және мәдениетке қосқан үлесі үшін II дәрежелі дипломмен және «ТМД-ның үздік студенті-2023» төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен қатар, Дильназдың ғылыми жетекшісі, университеттің қауымдастырылған профессоры Зухра Даутова алғысхатпен марапатталды.


«VIII Халықаралық кітап басылымы», «Үздік жас ғалымдар-2023» жобаларын «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырғанын айта кетейік.