24 Ақпан 2024


УНИВЕРСИТЕТТЕ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ӨЗЕКТЕНДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-де университетті дамыту бағдарламасының стратегиялық бағыттарын іске асыру аясында білім беру бағдарламаларын өзектендіру бойынша семинар өткізілді.

Семинар барысында АРТА, КЕАҚО, «Атамекен» ҰҒП, QS by Subject сияқты ұлттық және халықаралық рейтингтердегі білім беру бағдарламаларының позициясын күшейту мәселелері көтерілді. Іске асырылып жатқан білім беру бағдарламалары бойынша еңбек нарығының талаптарын қанағаттандыруға, сондай-ақ интернационалдандыруға және халықаралық позициялауға ерекше назар аударылды.

Білім беру бағдарламаларының басшылары мен менеджерлеріне кәсіби стандарттар мен QS by Subject нұсқасы бойынша әлемнің жетекші университеттерінің халықаралық тәжірибесінің негізінде білім беру бағдарламаларын өзектендіру (қайта қарау) тетігі ұсынылды. Сондай-ақ, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Нұрлана Әлімбекова 2023-2024 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларын өзектендіру бойынша фокус-топтардың негізгі іс-әрекеттерін атап өтті.