27 Ақпан 2024


ЖОО ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ӘРЕКЕТТЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Университетте табиғи және техногендік апаттар кезіндегі қауіпсіздік тақырыбында студенттермен кездесулер апталығы өтуде. Сонымен қатар, жер сілкінісі болған кездегі әрекеттер жайы айтылды. Ақпараттық жұмыс барлық Жоғары мектептерде және Жоғары колледжде кестеге сәйкес жүргізіледі. Спикерлер Азаматтық қорғау және еңбекті қорғау штабының басшысы Жетпіс Жұмажанов және Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлім басшысының орынбасары Бақдәулет Анас жастарға апаттық жағдайда орындайтын әрекеттер алгоритміне тоқталды.