28 февраля 2024


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БІЛІМ БЕРУДІ ЖАҢҒЫРТУ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беруді жаңғырту мақсатында елорданың жоғары оқу орындарының бірінде екі күндік республикалық семинар өткізілді. Шараға еліміздің жоғары оқу орындарынан 100-ден астам оқытушы қатысты. Оның ішінде, С. Аманжолов атындағы ШҚУ өкілдері де бар.
Семинар барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, парасаттылықты насихаттау, жоғары білім беру жүйесінде академиялық адалдық қағидаттарын іске асыру және халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибе туралы дәрістер тыңдады.
Спикерлер ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру басқармасының басшысы Мирас Қарғабай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметін аналитикалық жұмысты үйлестіру және ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының басшысы Сағыныш Аяғанова, «Narhoz» университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің директоры Талғат Сәрсенбаев, ҚР Бас прокуратурасының Құқық қорғау органдары Академиясының қауымдастырылған профессоры Виталий Хан болды және т.б.
Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.