28 февраля 2024


ХИМИЯ ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА

ШҚУ-да 8-9 сынып оқушыларына арналған химия пәнінен облыстық олимпиада өтті. Ауқымды олимпиада «Химия» ББ студенттерінің қызықты тәжірибелерінен басталды. Қонақтардың құрметіне отты шоу ұйымдастырылып, вокалдық қойылым қойылды.


Ары қарай 70-тен астам қатысушы тест тапсырмаларын орындауды бастады.
Бағалаудағы негізгі критерий – химиялық есептерді дұрыс шешу, сондай-ақ негізделген қорытындылардың болуы.
Екінші турда қатысушылар сапалы реакциялар негізінде заттарды тануы керек болды. Практикалық кезеңді бағалау критерийлері — эксперименттік есептерді дұрыс шешу, кестені сауатты рәсімдеу және қорытындының болуы.


Комиссия қорытындысы бойынша өңір мектептерінің 24 оқушысы I, II және III дәрежелі дипломдардың иегерлері атанды. Атап айтқанда Жумағазыева Айнұр, Жанымхан Аяла, Баймұрзин Ерзат, Дәулетхан Ерасыл, Дәулетхан Ардана, Айдынова Еркежан, Жеңісханова Айзере, Әділбек Нұрбақыт, Бекмуқан Ақнур, Райымбекова Сабина, Кәкенова Айназ, Кеңесбек Асылым, Кыдырмоллаұлы Нұрмұхаммед, Қайырғазин Құрмет, Дәлелхан Нұрахмад, Марат Нұрмұхаммед, Бекболатов Данияр, Макиленова Дария, Синенок Виталина, Серғазы Карина, Креминь Варвара, Қалиев Санжар, Ануарбекова Малика және Бекболатов Ерназар.