28 февраля 2024


«ҚҰҚЫҚТАНУ» ББ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ДӘРІС

ЖОО-да «Құқықтану» ББ студенттерінің Шығыс Қазақстан облысы Әділет Департаментінің өкілімен кездесуі өтті. Атап айтқанда, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Гүлзада Сарбасовамен кездесті.Сондай-ақ, білім алушылармен ҚР ӘМ ШҚО бойынша «ҚР заңнама және құқықтық ақпарат институты» филиалы директорының м.а. Қымбат Жамбаева кездесті. ШҚУ қонақтары жастарға «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде тіркелген НҚА орналастыру ережелері туралы дәріс өткізді.