29 февраля 2024


“АЛҒЫС — АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛ САПАСЫ” АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да 1-наурыз Алғыс айту күніне орай “Әділетті Қазақстан — адал азамат” идеологиясы негізінде тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен “Алғыс — адамзаттың асыл сапасы” атты дөңгелек үстел өтті.

Шара Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Жаннета Амангелдіқызының алғысөзінен басталды.

Шара барысында қатысушылар Алғыс айту күнінің тарихы мен маңыздылығы жайлы баяндама оқыды.

Жергілікті өзін-өзі басқару кеңесінің төрағасы Серік Оразбайұлы Алғыс айту күнінің ел үшін маңыздылығын атап өтті.

— Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері бар. Олармен достық қарым-қатынастамыз. Бүгінгі шарада да баяндамамды ұлтаралық достық тақырыбына, 1937-1938 жылғы депортация кезеңіндегі ел жағдайына арнадым, — дейді Жергілікті өзін-өзі басқару кеңесінің төрағасы Серік Оразбайұлы.

Ал, шараға қатысушы түрік тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Садуллах Думан алғыс айтудың негізі ата-ана, алғашқы ұстаздан басталуға тиістілігін атап өтсе, экономика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ғайни Қойшинова баяндамасында «Үлкенге алғыс, кішіге ізет» тақырыбында сөз сөйледі.

Шараға арнайы келген ШҚО Жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Әділбекұлы «Алғыс айту күнінің тәрбиелік маңызы» тақырыбында баяндама оқыды.

— Баяндамамның жеткізер мақсаты — жастар саясатында жұмыс істеп жүргендіктен алғыс айту күнінің маңызы мен мәнін насихаттау, — дейді ШҚО Жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Әділбекұлы.

Шара «Шабыт» студенттік театрының көрінісімен аяқталды.