29 Ақпан 2024


ШҚУ СТУДЕНТТЕРІ ҒЫЛЫМИ ПІКІРТАЛАС ДАҒДЫЛАРЫН ҮЙРЕНДІ

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде ғылыми-зерттеу қызметінің негіздері бойынша мастер-класс өтті. ЖОО-ның IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің әдістемелік онкүндігінің жоспары бойынша экология және география кафедрасының сениор-лекторы Санат Құмарбекұлы студенттерге ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі пікірталас теориялық және практикалық мәселелері туралы айтып берді. Тыңдаушылар ғылыми жұмыстарды жүргізу және сипаттау үшін пайдалануға болатын мұрағат деректерімен және жетекші кітапханалардың қорларымен танысты.Мастер-класқа жоғары мектептің студенттері, магистранттары, докторанттары мен ПОҚ қатысып,бірегей зерттеу жұмысын әзірледі. Сондай-ақ, ғылыми зерттеулердің әртүрлі әдістері игеріліп, студенттер ғылыми іс-шараларға қатысу үшін өтінімдерді ресімдеуді, баяндамалар жасауды, өз көзқарастары мен пікірлерін қорғауды және ең бастысы ғылыми пікірталас дағдыларын дамытуды үйренді.