29 февраля 2024


«WORLDSKILLS –AMANZHOLOV UNIVERSITY ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» АШЫҚ ЧЕМПИОНАТЫҢ БІРІНШІ КҮНІ

Бүгін «WorldSkills –AMANZHOLOV UNIVERSITY Жоғары колледжі» ашық чемпионатының  бірінші күні.

WorldSkills талаптары мамандарды дайындаудың негізі стандарттарына айналуда, сондықтан білім беру үрдісінің сапасын арттырудағы маңызды құралы  заманауи білім беру технологияларын пайдалана отырып оқыту болып табылады.   Чемпионатқа қатысушылар «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша кәсіби құзыреттіліктерін көрсетеді.

Қатысушылар үшін негізгі теориялық және практикалық ұғымдарды білу мен түсіну ғана емес, берілген тапсырмаларды орындау барысында қалыптасқан құзыреттілікті бағалау. Берілген тапсырмалар  мұғалімнің кәсіби стандарттарына байланысты кәсіби құзреттіліктерді дамыта отырып, педагогикалық дамуына жол ашу. Ал, қатысушыларға өздерінің білімдерін пайдалана отырып,  кәсіби әулетін көтеруге сәттілік тілейміз!