19 марта 2024


ШҚУ-ДЫҢ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНДЕ НАУРЫЗ ТОЙЛАНДЫ

ШҚУ Жоғары колледжінде «Қош келдің, әз — Наурыз» дүбірлі шарасы өтті. Киіз үйлерде дәстүрлі тағамдар — наурыз-көже, палау, қымыз, бауырсақ сияқты дәмді астың түр-түрі қойылды.
Мейраммен құттықтап келген құрметті қонақтар қатарында ШҚО Білім басқармасының өкілдері болды.
Наурыз мейрамы – жаңару мен жаңа кезең бастауы. Қазақстандықтар үшін ең маңызды мереке. Он күн бойы «Көрісу күні-Амал мерекесінен» бастап біз тойлауды бастадық. Бүгін «Жаңару күні». Осы бір шараны ұйымдастырған жандарға алғыс айтамын. Баршаға тек бақыт, береке тілеймін!, — дейді Білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбек.
Жоғары Колледж студенттері қонақтарды көңілді концерттік бағдарламамен қуантты. Ерекше сахналық қойылым қойып, ән айтып, би биледі. Ұлт аспаптар да әсем күй ойнады.
Одан бөлек «Шебер қолдар» қолөнер бұйымдары көрмесі ұйымдастырылды. Мерекелік бағдарлама аясында қазақтың ұлттық тағамдарының жәрмеңкесі өтті. «Бауырсақ Party», «Самауырым қайнасын, дастарханым жайнасын» байқаулары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, асық ату, тоғызқұмалақ және армрестлингтен жарыстар өтті.