20 Наурыз 2024


ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ШҚУ психология және коррекциялық педагогика кафедрасының профессоры Ирина Мацкевич Шәкәрім университетіне «Психологиялық кеңес беру және психокоррекция негіздері» курсын өткізуге барды. Курс тыңдаушылары «Психология», «Педагогика және психология» білім беру бағдарламаларының студенттері болды.


-Мен тек теориялық біліммен ғана емес,
отбасыларға, балаларға, ересектерге кеңес берген 30 жылдық тәжірибеммен бөлістім. Курста теориялық материалдар және кеңес беруді өткізу кезін талдау қамтылған. Алдағы уақытта студенттерді практикалық сабақтар мен талдау жұмыстары күтіп тұр, – дейді Ирина Мацкевич.


Сонымен қатар профессор Шәкәрім университетіндегі әріптестерімен отбасы психологиясы мен отбасын қолдау бағыттарын, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотпен өзара іс-қимылды, балаларды оңалтудың баламалы шараларының даму барысын талқылады. Сондай-ақ алдағы уақытта әріптестерімен бірге бірлескен зерттеу жұмыстарын дамыту мүмкіндіктерін де қарастырды.