22 марта 2024
AMANZHOLOV UNIVERSITY ОРТАЛЫҚ АЛАҢДА КИІЗ ҮЙ ТІКТІ
С.Аманжолов атындағы ШҚУ ұжымы орталық алаңда ұлттық нақышта ерекше безендірілген үлкен киіз үй тікті. Қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, белгілі түрколог,ғалым Сәрсен Аманжоловтың есімімен аталған киіз үйде әуезді ән шырқалып,ғалым өміріне арналған көрме ұйымдастырылды.
Сондай-ақ,орталық алаңда Наурыз мерекесіне орай өңір басшысы Ермек Көшербаевтың қатысуымен мерекелік концерт өтті.
— Қымбатты Шығыс Қазақстандықтар, сіздерді Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн ежелден жаңарудың, көктемнің келуінің және жаңа жылдың басталуының белгісі,-дейді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев
Киіз үйлерді аралау барысында ШҚО әкімі ШҚУ ұжымы тіккен С.Аманжолов ауылына ат басын бұрып,студенттер мен оқытушыларды Әз-Наурыз мерекесімен құттықтады.Сондай-ақ, ол Тәжікстандық студенттермен әңгімелесіп, академиялық ұтқырлық бағдарламасы әрқашан елдер арасындағы жақсы қарым-қатынастың бір бөлігі екенін атап өтті.
— Киіз үй үш бөліктен: әйелдер бөлігі,ер адамдар бөлігі және ғалымның күнделікті өмірде қолданған заттарынан тұрады.Қала тұрғындарын ерекше әуезді әнмен қарсы алудамыз.Жалпы,С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да он күндік бойынша әртүрлі шаралардың өтуі жастарды елімізді бағалауға үйретеді деп ойлаймын,-дейді тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Жанетта Калимолдина
Осылайша,орталық алаңда университет ұжымы қала тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлауға тырысты.
-Мен өте қуаныштымын.Өте жоғары деңгейде өтіп жатыр.Киіз үй іші сондай әдемі әрі қызықты,-дейді қала тұрғыны Надежда Спинкова
-Қазақ халқының Наурыз мерекесіне алғаш келуім.Маған өте қатты ұнады.Жоғары деңгейде өтіп жатыр,-дейді Тәжікстандық студент
Айта кету керек,жылда Әз-Наурызды жоғары деңгейде атап өтетін университет ұжымы мерекені сәуір айында да жалғастырмақ.