26 Наурыз 2024


СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінде Астана қаласы мектептерінің директорлары педагогикалық білім беру бағдарламаларының бітіруші курс студенттерімен кездесті.


Кездесуде «Жайлы мектеп» жобасы аясында түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды. Жоба бойынша Астана қаласында 2024 жылы 17 жаңа мектеп жұмыс істей бастайды, сондықтан жас мамандарға сұраныс арттады. Мустафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясының, №8 мектеп-лицей, Д. Бабатай атындағы №89 мектеп-лицей директорлары Шығыс Қазақстан облысының мамандарының, оның ішінде С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың түлектерінің жоғары дайындығын, білім сапасы мен үлкен сұранысын атап өтті.

Айта өту керек, ЖОО үш жылдың қорытындысы бойынша педагогикалық БББ соңғы курс студенттері педагогтардың білімін бағалау қорытындысы бойынша 1-ші орында.


Сонымен қатар, жұмыс берушілер жас мамандарды әлеуметтік қолдау туралы айтты:»Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы, жас педагогтарға жатақхана беру, біліктілікті арттыру бағдарламалары, тәлімгерлік және т. б.


Кездесу барысында әріптестер студенттердің кәсіби дамуындағы ынтымақтастық пен қолдауға дайын екендіктерін білдірді. Сондай-ақ, жас мамандар мансапты табысты бастау үшін тәжірибе мен адалдықтан құрылған жайлы орта құрудың маңыздылығын атап өтті.