28 Наурыз 2024


АШЫҚ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ АЛАҢЫ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Барлығына қолжетімді сапалы білім беру» Ұлттық баяндамасының жобасы аясында кәсіптік бағдар беру алаңы өтті. Ұйымдастырушылар ШҚО Білім басқармасының өкілдері.
Шараға өңірдегі мектептер мен колледждердің директорлары, сондай-ақ ШҚУ жоғары колледжінің оқытушылары қатысты. Жоғары колледж ұстаздары талапкерлерге ұсынылатын білім беру бағдарламаларын таныстырып өтті. Кездесу барысында университет қонақтарына қабылдау шарттары, білім беру бағдарламалары, оқу орнының мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы ақпарат берілді. ШҚО мектептері мен колледждері директорларының айтуынша, ШҚУ бітіруші сынып оқушылары арасында ең танымал жоғары оқу орындарының бірі.