3 Сәуір 2024


АТАУЛЫ СТИПЕНДИЯНЫ ТАҒАЙЫНДАУ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Amanzholov University-де Ю.К. Уәлиев атындағы шәкіртақыны тағайындауға байланысты байқау өтті. Ақшалай ынталандыру студенттерді белсенді ғылыми және қоғамдық қызметке және университеттің көрнекті педагогы, ғалымы, құрметті ректоры Юмаш Кәрімұлы Уәлиевті еске алуға арналған.
Байқау шарттары бойынша жеңімпазға бір оқу семестрі ішінде 35 000 теңге мөлшерінде ай сайынғы төлем тағайындалған.


Атаулы стипендияға жеті студент үміткер болды. Олар: Жасасынов Елжас, Сәрсенбаев Жігер, Жайлаубаева Аида, Егорин Даниил, Макаренко Артем, Құрманбекұлы Саят және Абдрахманова Карина. Барлығы байқау комиссиясына өздерінің авторлық жобаларын ұсынған. Комиссия құрамына Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Рахаділов Бауыржан, Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхана басшысы Ақатан Қыдырмолла, «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Шуршітбай Майра, «Беттік инженерия және трибология» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Бүйткенов Дастан және Сапаны қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Сапарова Динара кірді.


Жобалар таныстырылғаннан кейін студенттерге сертификаттар табысталды. Шәкіртақы иегерінің есімі 12 сәуірде Наурыз мейрамын тойлау кезінде белгілі болады.


Айта кетейік, атаулы стипендияға үміткер талаптарға сай келетін 2-4 курс білім алушылары бола алады. Атап айтқанда, оқу жылындағы GPA көрсеткіші 3,5-тен жоғары болуы шарт, сондай-ақ ЖОО-ның ғылыми-зерттеу қызметінде белсенді студент болғаны абзал.