5 апреля 2024


СТУДЕНТТІК ТӘЖІРИБЕ: ШАҒЫН ОҚЫТУ

ШҚУ-да «Математика бойынша практикум» пәні бойынша шағын оқыту өтті. Тақырыбы – «Комбинаторлық тапсырмалар».
Ұйымдастырушы – п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Еркежан Нұртазина.


— «Педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі» мамандығының студенттері педагог рөлінде белсенділік танытты. Оқыту мақсатында Блум Таксономиясы, инклюзивті оқыту әдістері, критериалды бағалау, рефлексия және авторлық стратегияларға сүйенді. Сабақта Educaplay, Pliсkers озық технологиялары қолданылды, — дейді Еркежан Нұртазина.


Ұйымдастырушының айтуынша, мұндай шара студенттерге психологиялық кедергілерді жеңуге және практикалық тәжірибе жинауға көмектеседі
Айта кетейік, ашық сабаққа ф.ғ.д., профессор Гүлжібек Құсманова қатысты.