5 апреля 2024


УНИВЕРСИТЕТТЕГІ ИНКЛЮЗИВТІ ОРТАНЫ ДАМЫТУ

Кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығында университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары үшін «Университетте инклюзивті ортаны ұйымдастыруда жағдай жасау және оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша онлайн курстар басталды.
Курстың мақсаты – университет кеңістігінде инклюзивті ортаны дамытудың стратегиялық әдістері мен практикалық құралдарын жүзеге асыру.
Курстарды Психология және түзету педагогикасы кафедрасының профессоры Стельмах Светлана, қауымдастырылған профессорлар Кукина Юлия және Ауренова Мадина, «Дана бала» үздіксіз инклюзивті білім беру орталығының жетекшісі Алипова Алима және т.б. жүргізеді.