5 апреля 2024


ШҚУ МИКРОКВАЛИФИКАЦИЯ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ

Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры Ержан Домалатов «Микроквалификация заманауи сын-қатерлерге әрекет ету тәсілі ретінде» семинардың ашылуына «Микроквалификация бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру саласындағы «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ тәжірибесі» баяндамасымен қатысты.

Семинардың ұйымдастырушылары Қазақстандағы және Қырғызстандағы Erasmus+ ұлттық кеңселері.

Семинардың негізгі мақсаты — білім мен тәжірибе алмасу үшін платформа құру, сондай-ақ өндірістің қазіргі заманғы сын-тегеуріндері мен қажеттіліктеріне ден қою мақсатында Орталық Азияның жоғары білімінде микроквалификация бағдарламаларын енгізу және ілгерілету бойынша стратегиялар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Семинар жұмысына шетелдік сарапшылар Италиядағы CIMEA-NARIC директоры Кьяра Финоккьетти, Румынияның жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету агенттігінің (ARACIS) бас директоры Кристина Гитулица, Ұлттық сарапшылар Astana IT University ректорының м. а. Серік Өмірбаев, HERE Қазақстан тобының басшысы және Қырғыз Республикасының улттық білім беру реформасы эксперті Адам Университетінің ректоры Светлана Сирмбард, Қазақстандағы Еуропалық Одақтың өкілдігінің ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Баур және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитетінің төрағасы Гульжан Джарасова қатысты.