8 Сәуір 2024


ПЕДАГОГИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНДЕ ЕСЕП БЕРУ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

        №2 оқу корпусында «Музыкалық білім беру» мамандығында оқитын студенттер дайындаған есептік концерт өтті.

Концерт Педагогика жоғары мектебінің әдістемелік онкүндігі аясында ұйымдастырылған.

Бағдарламада қазақ, орыс және шетелдік композиторлардың хор әндері шырқалды.

Аспапшылар домбыра, қобыз бен фортепианода өнер көрсетті.

Бірінші курс студенттерінің орындауындағы вокалдық шығармалар концертті одан әрі қызықты ете түсті.

Оқытушылар атап өткендей, концерт өте көңілді, мағыналы өтті.