11 апреля 2024
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕК РЕТІНДЕ БІР КҮНДІК ЖАЛАҚЫЛАРЫН АУДАРАДЫ
Қазақстандықтар табиғи апаттан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауды жалғастыруда. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұжымы да шетте қалмады. ЖОО қызметкерлері су басқан аудандардың тұрғындарына бір күндік жалақыларын аудару туралы шешім қабылдады. Айта кетейік, ШҚУ-да 1000-ға жуық адам еңбек етеді.
Бұған дейін оқу орны Ақтөбе облысына гуманитарлық көмек жөнелткен болатын. Атап айтқанда, азық-түлік, суды тазартатын сүзгілер, гигиеналық заттар, тұрмыстық химия, дәрі-дәрмектер, көрпе-жастықтар бар.