11 апреля 2024


ХИМИЯ МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ QUIZ-ГЕ ҚАТЫСТЫ

  С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың химия кафедрасының ұйымдастыруымен «Химия» ББ 1-3 курс студенттері  арасында интеллектуалды ойын өтті.

Ойын қазақстан тарихымен байланысты “Алаш аманаты” тақырыбына арналды.

Бес кезеңнен тұратын ойында бес топ бақ сынады.

Алғашқы кезеңде студенттер сауалдарға жауап берсе, екінші кезеңде суреттерден тұлғаларды анықтап, үшінші кезең ұяшық ішіндегі сауалдарға жауап беруден тұрды. Сондай-ақ, соңғы екі кезеңде де студенттер ерекше бақ сынасты.

Әуезді ән шырқалып, күмбірлеген күй тербелген ойынның соңы қатысушыларға сертификат табыстаумен аяқталды.

Ал, ойынның жеңімпазы “Химия-биология” ББ 2-курс студенттерінен құрылған “Айқап” тобы атанды.

— Дайындығымыз аз болса да, барынша қазақстан тарихынан білімімізді көрсетуге тырыстық. Әр студент өз тарихын білу керек деп ойлаймын, — дейді С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Мағжан Маратов.

Айта кету керек, химия кафедрасында жиі дәл осындай байқаулар мен интеллектуалды ойындар өткізіліп тұрады.