11 Сәуір 2024


ШҚУ-ДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ІС-ШАРАЛАР БАСТАЛДЫ

  Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды.

Ауқымды науқан Республика бойынша барлық өңірлерде «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» ұранымен жүзеге асуда.

Экологиялық шараларды бес апта ішінде өткізу жоспарлануда. Олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған.

Бұл іске С. Аманжолов атындағы ШҚУ ұжымы да белсенді қолдады. ПОҚ, қызметкерлер мен білім алушылар жұмысқа кірісіп, оқу ғимараттарының аумақтарын және ғимараттардың ішін тазалауды бастады. Университет ағаштарды, гүлдерді отырғызуға, аумақтарды көркейтуге және басқа да көктемгі жұмыстарға дайындалуда. Бұл бағыттағы ауқымды жұмыстар университет жатақханаларында да жүргізілуде.