12 апреля 2024


ШҚУ ҒАЛЫМДАРЫ ҒЫЛЫМИ ӘЗІРЛЕМЕГЕ АВТОРЛЫҚ КУӘЛІК АЛДЫ

 Университеттің жоғары біліктілік санатындағы логопед-дефектологы Рауан Байчинов «Дефектология» ББ студенттері Аружан Камалбекова және Нұрғаным Шәкіммен «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының базасында логопедтерге көмекші құрал ретінде балалардың сөйлеуін дамыту үшін бірегей диагностикалық карта әзірледі.

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың жас ғалымдар тобының «Сөйлеу тілін тексеру картасы» атты инновациялық жобасы республикалық деңгейде жоғары бағаланды.

Енді олар ҚР Ұлттық зияткерлік меншік институтының «Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы куәліктің» толық құқықты иегерлері атанды.