15 Сәуір 2024


ШҚУ ПРОФЕССОРЫ МАТЕМАТИКАДАН АШЫҚ САБАҚ ӨТКІЗДІ

 Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының профессоры Мұрат Чукотаевтың ашық сабағы жоғары кәсіби деңгейде өтті.

Сабаққа қатысушылардың айтуынша, ұсынылған «Функциялар. Теңдеулер. Теңсіздіктер» тақырыбы «Математиканың бастауыш курсының негіздері» пәні бойынша толық ашылды.

– Мен өзім үшін көптеген пайдалы ақпарат алдым. Өте тиімді әдістер көрсетілді, инновациялық технологиялар қолданылды, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Еркежан Нұртазина.

Мұғалімдер сабақты асқан қызығушылықпен тыңдап, сұрақтарын қойды. Толық жауап алды.