16 апреля 2024


ШҚУ-ДА БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

  Педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының қауымдастырылған профессоры Еркежан Нұртазина «Кіші жастағы балалардың сыни ойлауын дамыту факторы ретінде оқытудың белсенді әдістерін енгізудің тиімділігі» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

«Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» және «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандықтарының студенттеріне арналған семинар тәжірибеге бағдарланған сипатта өтті. ШҚО аудандары мен қалаларынан педагогтар шақырылды.

Шара жоғары кәсіби деңгейде өтті. Шеберлік сабақтарын өткізу арқылы қатысушылар педагогикалық тәжірибе алмасты.

— Мұндай шаралар студенттердің педагогикалық құзыреттіліктерін жақсартуға және таңдаған мамандықтарын құрметтеуге, ынтасын арттыруға зор септігін тигізеді, — дейді Еркежан Нұртазина.