17 Сәуір 2024


ШҚО-ДА КӘСІПТІК ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ ӨТУДЕ

  Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығында университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен құрылымдық бөлімдер басшыларына арналған «Университетте инклюзивті ортаны ұйымдастыруға жағдай жасау және оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету» курстары жалғасын табуда.

«Дана бала» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының басшысы Алима Алипова «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды оқытуда «Дана бала» үздіксіз білім беру орталығы әлеуетін пайдалану» тақырыбындағы курсын офлайн форматта өткізді. Психология және коррекциялық педагогика каферасының қауымдастырылған профессоры Мадина  Ауренова, сениор-лектор Рауан Байчинов, сениор-лектор Арай Тенкебаева, оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің әдіскері Нуржан Рүстемова курстарын онлайн форматта өткізуде.