18 апреля 2024
КОМПАНИЯНЫҢ СЕНІМДІЛІГІН БІР ТЕТІК АРҚЫЛЫ ТЕКСЕРУ: ШҚО БОЙЫНША ЭТД МАМАНДАРЫ АҚЫЛДЫ БОТ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРДІ
Өңір жастары алаяқтар мен жалған компаниялар торына түсіп қалмауға көмектесетін заманауи құралдармен танысты.
Жаңашылдық туралы ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Айдын Молдабеков пен Ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Жанар Тайгаранова С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенттерімен кездесу барысында айтып берді.
Ауқымды шара ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметімен танысуға, университет түлектерін кәсіби бағдарлауға және қаржылық сауаттылыққа арналды.
Мамандардың айтуынша, бүгінде елімізде лудомания, қаржылық сауаттылық және экономикалық алаяқтық мәселесі өткір тұр. 2023 жылдың өзінде 30-дан астам сот үкімі шығарылып, нәтижесінде 52 адам сотталды. Қазіргі уақытта 36 қаржы пирамидасы жойылды. Республика бойынша зардап шеккендерге 4,6 млрд теңге көлемінде қаражат қайтарылған.
— Алаяқтардың ісі халықтың қаржылық сауаттылығымен тығыз байланысты. Сондықтан біз азаматтарды заманауи құралдардың көмегімен белсенді түрде хабардар етуге тырысамыз. Мысалы, Telegram-да «Baiqapiramida» ботын іске қостық. Ол – жобаны қаржы пирамидаларының белгілеріне тексеруге мүмкіндік береді. Ақпарат алу үшін сізді компанияның атын енгізу жеткілікті, — дейді Жанар Тайгаранова.
Жақында ғана ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі «АФМ Insider» атты тағы бір жоба-телеграмм-ботын іске қосты. Интернет-көмекші көлеңкелі экономика саласында құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы бірден хабарлайды.
Кездесу барысында, Айдын Молдабеков университет студенттеріне ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына түсу тәртібін жеткізді. Оны сәтті тәмамдаған жағдайда, жұмысқа орналасу кепілдігі жайында айтты.
— Қазір жоғары білімі бар қыз-жігіттер алғашқы кәсіби даярлықты өткен соң, экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қатарына қосыла алады. Алты ай ішінде академия тыңдаушылары тегін тұрып, шәкіртақымен қамтамасыз етіледі. Біз өз қатарымызда креативті, интелектуалды және патриот жастарды көргіміз келеді. ШҚУ-дағы әрбір білім алушы біздің қызметкер бола алатынына сенімдімін, — деп қорытындылады Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Айдын Молдабеков.
Құқық қорғау органдары академиясына тапсыру туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://academ