18 Сәуір 2024


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

   С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да  Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына орай «Ұлтының мақтанышы болған – дана Қаныш» атты дөңгелек үстел өтті.

    Дөңгелек үстелдің  мақсаты- ғалымның өмір жолы мен ғылым жолындағы еңбектерін насихаттау.

       Аталмыш шара   тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Жаннета Амангелдіқызының алғы сөзінен басталып,Қ.Сәтбаевтың өмірі мен ғылымға келуі жайлы физика және технология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гульсым Бектасованың баяндамасымен жалғасты.

-Дөңгелек үстелдің бірнеше тәрбиелік бағыты бар. Яғни, отаншыл болуға, Қ.Сәтбаевтың салған сара жолына дақ келтірмей өз саласының маманы болуға дәріптеу, елжанды болуға шақыру, – дейді тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Жаннета Амангелдіқызы.

Сондай-ақ, шара барысында «Қаныш Сәтбаев және ел өнеркәсібі» «Қ.Сәтбаевтың Қазақ ССР Ғылым Академиясын құруы» «Сәтбаевтың Шығыз Қазақстанды зерттеуі» «Қ.Сәтбаевтың ғылыми мұрасы» тақырыптарында баяндама оқылып,еркін әңгіме өрбіді.

-Өз баяндамам да нар тұлғалы ғалымның ғылым жолы жайлы айтып өттім.Студенттер осындай елім деген азаматтарды білу керек деп ойлаймын ,-дейді физика және технология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гульсым Бектасова

Айта кету керек, ғалымның өнегелі өмірі мен ғылым жолына арналған дәл осындай дөңгелек үстелдердің танымдық-тағылымдық маңызы зор.