19 Сәуір 2024


ШҚУ-ДА ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

  ШҚУ-да «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ өкілдерінің қатысуымен «Сабақты бақылау, сындарлы кері байланыс» оқыту семинары өтті. Шара университеттің профессор-оқытушылар құрамына арналған оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің мұрындық болуымен іске асты.

Кездесудің модераторы п.ғ.к., физика және технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры Салтанат Ташкенбаева болды. Профессор бағдарламаны жариялап, семинардың маңыздылығына тоқталды.

Семинар қатысушыларына академиялық мәселелер жөніндегі ШҚУ проректоры Нұрлан Әлімбекова құттықтау сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.

– Өмір бойы оқу қабілеті – қазіргі заман адамының, әсіресе білім беру жүйесінде жұмыс істейтіндердің маңызды дағдыларының бірі. Сондықтан біз өз кәсіби деңгейімізді үздіксіз арттырып отыруымыз керек. Мұндай кездесулер ЖОО-да білім сапасын жақсартуға көмектеседі.

Іс-шараның тәжірибелік бөлігін интерактивті тренинг форматында «Өрлеу» БАҰО АҚ (Астана) үздіксіз дамуды қамтамасыз ету департаменті курстан кейінгі қолдау басқармасының бас маманы Мәдениет Хабатұлы өткізді. Өз сөзінде ол жоғары білім саласындағы көпжылдық тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ, семинарға қатысушылар профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру және олардың үздіксіз кәсіби дамуы үшін жағдай жасау қажеттіліктеріне тоқталды.