22 апреля 2024


ЖОО СТУДЕНТТЕРІ III РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «ХХІ ғасыр педагогикасындағы Абай мұралары» атты олимпиада өтті. Мақсат-студенттерді қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге тартып,шығармашылық қабілеттерін ашу.


Ауқымды іс-шараның негізгі бағыты ғылыми жобаны әзірлеу және білім беру процесінде Абайдың педагогикалық мұрасын пайдаланудан тұрды.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының үшінші курс студенттері Әділов Айхат, Тұрдыбаева Аяужан, Скандаров Байбек, Нұрмұханбетова Ардана бірінші орынды иеленді. Олардың жетекшісі және идеялық шабыттандырушысы ф.ғ. д., профессор Картаева Айжан болды.


Комиссия мүшелерінің айтуынша, бұл байқауға еліміздің ең мықты жоғары оқу орындарының командалары қатысқан. ШҚУ командасы «Оқу процесінде Абайдың педагогикалық мұрасын пайдалану» сабағын өте жақсы өткізіп,»Абай және ХХІ ғасыр» тақырыбындағы ғылыми жобаны сәтті қорғады.