23 апреля 2024


ШҚУ-ДА ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

 Университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің жетекшісі Қайнар Жексембаевтың, Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессор — оқытушылар құрамы мен студенттерінің қатысуымен «Таза қол — таза сессия»  парасаттылық сағаты өтті.

Шара ЖОО қабырғасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу шараларын талқылау,  әңгімелесу форматында өтті. Спикерге сұрақтар қойылып, кездесуге қатысушылар толыққанды жауап алды. Университетте парасаттылық сағаттары сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен салдарларды жою мақсатында өткізіледі.