24 апреля 2024


ШҚУ-ДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Университет қабырғасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті ұйымдастырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша облыстық семинар өтті.


— Біздің басты мақсатымыз – әріптестерімізді кәсіби даярлау, олардың лауазымдық міндеттерін сапалы орындау үшін құзыреттіліктерін арттыру, — дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің аға офицері Гүлнұр Бекбаева.


Шараға өңірдің квазимемлекеттік секторының комплаенс-қызметтерінің 70 маманы қатысты. Семинар барысында қатысушылар өзекті тақырыптар бойынша ауқымды баяндамалар жасады. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және оның реформалары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау, ISO 37001-2017 «Парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесі» стандарты бойынша сертификаттау.


Айта кетейік, спикерлер қатарында университет өкілдері де болды. Құқықтану кафедрасының сеньор-лекторы Аксана Каленова ҚР заңнамасындағы мүдделер қақтығысын реттеу туралы айтып берді. Өз кезегінде Психология және түзету педагогикасы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Юлия Кукина корпоративтік мәдениетті қалыптастыру бойынша психологиялық тренинг өткізді.

Шара соңында комплаенс-офицерлерге жаңа білім мен дағдыларды растау туралы сертификаттар табысталды.